Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде әскери КАМАЗ көлігін басып алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Алматы қаласы комендатурасына сілтеме жасап.
Ол 27 жастағы Павлодар облысы Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты. Айыпталушының тонауға да қатысы бар екені анықталды. Алатау ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні "Өжет" ықшам ауданында ұстады. Одан қару-жарақ дүкенін тонау нәтижесінде ұрланған 30 патроны бар тегіс ұңғылы "Сайга" мылтығы тәркіленді.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу