Бостандық ауданының полиция басқармасы аталған факт бойынша ҚР ҚК 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін жеткізді.
"Қазіргі уақытта оқиғаның объективті мән-жайын анықтау үшін іс-шаралар кешені жүргізілуде. Алдын-ала мәлімет бойынша, жастар өзара сөзге, артынан төбелеске ұласқан. Төбелестен зардап шеккендер жоқ", – делінген полиция таратқан ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу