Алматыда жарты жылда 270-тен астам жәрмеңке өтті

411

Жәрмеңкелерде 13 мың тоннаға жуық өнім сатылып, жарты миллионнан астам адам келді.  

Алматыда жарты жылда 270-тен астам жәрмеңке өтті Фото: el.kz

Алматыда 2026 жылдың алғашқы алты айында 274 демалыс күнгі жәрмеңке ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жәрмеңкелерге осы уақыт ішінде 500 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонағы келіп, фермерлер әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті қоса алғанда, 13 мың тоннаға жуық өнімін сатты.

Қазіргі таңда жәрмеңкелер қаланың бес ауданында тұрақты түрде өткізіледі. Сауда орындарында Алматы қаласы, Алматы облысы және еліміздің басқа өңірлерінен келген 300-ден астам фермерлік шаруашылық пен өндіруші өз өнімдерін делдалсыз ұсынады.

Тұрғындарға қолжетімді бағамен 1000-нан астам тауар түрі қолжетімді. Сонымен қатар "Алматы" ӘКК сауда алаңдарын жаңғыртып, сатушылар мен келушілерге қолайлы жағдай жасауды жалғастырып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу