Құрылысшылар жарты жыл ішінде Қарағанды облысының Майқұдық ауданындағы үш көпірдің құрылысын бітіріпті. Жұмысшылардың әрқайсысына жұмыс беруші компания кемі 200 мың теңге қарыз екен, деп хабарлайды astanatv.kz.
Әр келген сайын жігіттерді құрғақ уәдеге қарқ қылатын компания директоры бұл жолы оларға басқаша сөйледі.
"Жұмысшыларға 10-15 миллон теңгеге дейін берешегіміз бар. Оны мойындаймын. Бар кінә, бригаданың жұмысын қадағалайтын қызметкерімнің есеп картасын жоғалтып алуында болып отыр. Енді жаңа есеп картасын толтыруға 2-3 күн кетеді. Содан соң ақшаларын береміз",– дейді "Рязанов атындағы №25 көпір құрылыс отряды" компаниясының директоры Тимур Накусов.