"Алатау жарық" компаниясының өкілдері осылай деп мәлімдеді. Сөздерінше, күннің қатты ыстығынан алматылықтар электр энергиясын 12-15 пайызға көп тұтынатын болған. Еске салайын, кеше мегополисте шаһардың аздаған бөлігі шамалы уақытқа жарықсыз қалған болатын. Желілерге түскен жүктеме шектен тыс асып кетті. Сондықтан, автоматика іске қосылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу