Алматыда жарылған құбыр жөнделіп, тұрғындарға жылу және ыстық су берілді

179

Жылу мен ыстық су кезең-кезеңімен берілуде.

Алматыда жарылған құбыр жөнделіп, тұрғындарға жылу және ыстық су берілді Фото: Алматы әкімдігі

Алматы жылу жүйесі" мекемесінің мәліметінше, апаттық бригадасы 1984 жылы пайдалануға берілген Ду-800 жылу құбырын жөндеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, жылу трассасы іске қосылды. Бүгін таңғы сағат 6:00-ден бастап жылу мен ыстық су кезең-кезеңімен беріліп жатыр", – деп хабарлады әкімдіктен.

Жылу беру жүйесі толық іске қосылғаннан кейін басқарушы компаниялар – ПИК, МИБ және ғимараттарға техникалық қызмет көрсетуші ұйымдарға ішкі желілердің жай-күйін тексеру қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу