Алматыда босанғаннан кейін қайтыс болған әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

608

Қайғылы оқиға 30 маусымда "Акушерлік, гинекология және геронтология ғылыми орталығында" болды. Одан жеті күн бұрын 34 жастағы әйел кесарьдан кейін комаға түскен болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме беріп.

Алматыда босанғаннан кейін қайтыс болған әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 317-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", – деді Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры Асхат Жақыпов.

Аудан прокуратурасының қылмыстық істі тергеу барысы ерекше бақылауға алынды. Марқұмның кәмелетке толмаған екі баласы – жаңа туған ұлы мен 11 жасар қызы қалғаны белгілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу