Алматыда жас педиатрлардың VI басқосуы өтеді

353

Ғылыми жобаларды педиатрия және балалар хирургиясы саласының білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы саралайды.

Алматыда жас педиатрлардың VI басқосуы өтеді Фото: Педиатрия орталығы

Алматыда "Жас зерттеуші: заманауи педиатрия және балалар хирургиясы дамуының сын-тегеуріні мен келешегі" атты тақырыпта докторанттар, магистранттар мен резиденттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференциясы өтеді.  

13 қазандағы жас дәрігерлердің басын қосатын конференция осымен алтыншы рет өткізіледі. Шараның ұйымдастырушылары: Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мен "Педиатрлар Одағы" қоғамдық бірлестігі. Басқосу оффлайн және онлайн түрінде болады. 

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы үшін бұл шара дәстүрге айналды. Конференцияда жас ғалымдар ғылыми зерттеулерімен бөлісе отыра, педиатрия және балалар хирургиясы саласындағы өзекті мәселелерді талқылап,  практикадағы ерекше клиникалық жағдайларды ортаға салатын болады.    

Ғылыммен айналысу дағдыларын дамыту және қазірден ғылыми пікір-талас, талқылауға қатысу тәжірибесін қалыптастыру студенттік кезеңнен  қалыптасуы керек. Сондықтан жыл сайынғы осы конференцияның мақсаттарының бірі резиденттер, магистранттар және басқа да жас дәрігерлер арасында ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықты дамыту, ғылыми-зерттеу тәжірибесін қалыптастыру және оның нәтижелерін презентацияларда  көрсету болып табылады.  

Конференцияға 150-ден астам жас дәрігерлер, ғылыми жетекшілер мен тәлімгерлер қатысады. Басқосуда Қазақстанның түрлі медициналық ұйымдарының, ғылыми орталықтары мен медициналық университеттер дәрігерлерінің баяндамалары, сондай-ақ Беларус пен Өзбекстан спикерлерінің баяндамалары тыңдалады.

Ғылыми жобаларды педиатрия және балалар хирургиясы саласының білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы саралайды. Үздік баяндамалар мен ғылыми мақалалар "Педиатрия және балалар хирургиясы" ғылыми журналында жарияланады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу