Алматыда жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада басталды

100

Бұл жасанды интеллект саласындағы оқушылардың ең ірі командалық жарысы.

Алматыда жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада басталды Фото: gov.kz

Қазақстанда 30-31 қазан аралығында FAIO 2025 – жасанды интеллект бойынша екінші халықаралық олимпиада өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биылғы іріктеу кезеңіне 9 елден 400-ден астам команда қатысты. Қазақстан, Ресей, Болгария, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан және Кипр сынды елдерден жалпы саны 1200-ге жуық қатысушы бақ сынап, оның ішінде 200-ден астамы финалдық кезеңге жолдама алды.

Енді Алматы қаласында өтетін финалда 7 елден келген 51 команда тартысқа түседі.

Халықаралық бәсеке 2024 жылы алғаш рет өткізілді. Оған еліміздің әр өңірінен 300-ден астам команда қатысып, олимпиада финалистері Бейжің қаласында өткен Халықаралық AI олимпиадасында (IOAI) жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу