Алматыда жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан ІІ Әлем чемпионаты өтеді

108

Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов айтты.

Алматыда жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан ІІ Әлем чемпионаты өтеді Фото: News.arsu.kz

17-23 қараша аралығында Алматыда жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан ІІ Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстанда 11 ұлттық спорт түрі дамытылып жатыр. Оның ішінде құсбегілік, қазақ күресі, асық ату және тоғызқұмалақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген. Бүгінде тоғызқұмалақ ойыны қарқынды даму үстінде. 

"Чемпионатқа әлемнің 20 елінен спортшылар қатысады. Жарыс гибридті форматта ұйымдастырылады: классика онлайн/офлайн; рапид пен блиц офлайн. Тоғызқұмалақтан І Әлем чемпионаты 2023 жылы Алматыда өткен болатын. Жарысқа 16 елдің спортшылары қатысты", – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу