Алматыда жасөспірімді тонап кеткен күдікті ұсталды

498

Күдікті тонау қылмысын жасағанын мойындады.

Алматыда жасөспірімді тонап кеткен күдікті ұсталды Фото: Polisia.kz

Әуезов ауданының полиция қызметкерлерінің хабарламасы бойынша, 28 жастағы С.есімді азамат, заңсыз баю мақсатында өтіп бара жатқан адамды ұрып-соғып, телефонын тартып алған. 

"Алдын ала болжам бойынша, қолында телефоны бар жас жігітті көрген бойда қаскөйдің ойында қылмыстық ниет пайда болды. Ол жәбірленушінің соңынан еріп, жақын жерде ешкімнің жоқтығына көз жеткізіп, оған шабуыл жасаған. Күдікті ұсталды. Ол тонау қылмысын жасағанын мойындады. Істің осы сатысында тергеу, ұсталған азаматтың осыған ұқсас тағы үш қылмысқа қатысы болуы мүмкін екенін анықтады. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды", деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. 

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу