Алматыда жастарды жұмысқа орналастыруға арналған портал құрылды

442

Порталда 3,7 мың бос жұмыс орны бар, 20 өңірден 1,5 мың жұмыс беруші тіркелген. 

Алматыда жастарды жұмысқа орналастыруға арналған портал құрылды Фото: Inbusiness.kz

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы жастардың жұмыс іздеуіне арналған "Jobfair365" бірыңғай платформасын іске қосты. Сервис жұмысқа орналастыруды, тегін білім беру курстарын және жастарға арналған ақпараттық порталды ұсынады.

Сонымен қатар, сайтта оқу біткен соң сертификат беретін қазақ және орыс тіліндегі қысқа мерзімді курстар бар.
Курстың бағытына байланысты сабақ 20-30-ға адамға дейінгі топқа өткізіледі. Пайдаланушылар аптасына 3 рет 2-3 сағаттан оқиды, онда оқытудың теориялық бөлігі 1 айдан 1,5 айға дейін созылады.

Қазіргі уақытта порталда 3,7 мың бос жұмыс орны бар, 20 өңірден 1,5 мың жұмыс беруші тіркелген. Бүгінде 10,2 мың адам оқытылып, оның 9,2 мыңы жұмысқа орналастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу