Медеу ауданындағы жастар комьюнити орталығында ұлттық зияткерлік ойын – тоғызқұмалақтан тегін курстардың ашылу рәсімі өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жоба қалалық Жастар саясаты басқармасы мен "Алматы қаласы Тоғызқұмалақ Федерациясы" қоғамдық бірлестігінің бірлесуімен қолға алынған.
Бастама жастар арасында ұлттық ойынды кеңінен насихаттауға, олардың зияткерлік әлеуетін дамытуға және Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға бағытталған.
Іс-шара аясында жоба ресми түрде таныстырылып, қаланың жастар комьюнити орталықтарының басшыларына тоғызқұмалақ ойын жиынтықтары табысталды. Бұл жиынтықтар алдағы уақытта Алматыдағы комьюнити орталықтарында ұйымдастырылатын тегін сабақтарда пайдаланылады.