Алматыда жастарға арналған жасанды интеллект мектебі ашылды

142

Алматы жастары заманауи AI технологияларын тегін меңгере алады.

Алматыда жастарға арналған жасанды интеллект мектебі ашылды Фото: Kazinform

Алмалы ауданындағы комьюнити орталықта жастарға арналған жасанды интеллект мектебі жұмысын бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен IT Qazaq Community серіктестігі арқылы жүзеге асырылды.

Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажданбек бұл бастаманың маңыздылығын атап өтті.

Оның айтуынша, егер жоба сәтті жүзеге асса, мұндай курстар қаладағы барлық комьюнити орталықтарында іске қосылады.

 Жасанды интеллект – болашақтың технологиясы, оны жоққа шығаруға болмайды. AI бүгінде бизнес, IT және білім беру саласында кеңінен қолданылуда. Біз 2025 жылдың басында жастарды осы бағытта оқытуға мақсат қойдық. Енді оны іске асыру үшін Qazaq Community қауымдастығымен меморандумға қол қойдық, – деді ол.

AI мектебі аясында жастар:

  • Жасанды интеллект технологияларын тегін үйренеді;
  • Заманауи AI-құралдарын меңгереді;
  • Оларды оқу, зерттеу және кәсіби қызметте қолдануды үйренеді.

Курсқа қатысу үшін жастар Алмалы ауданындағы комьюнити орталыққа баруы керек.

Айта кетейік, бұған дейін Парламент Мәжілісінде "Жасанды интеллект туралы" заң жобасы таныстырылған болатын. Оған сәйкес, адам мінез-құлқын манипуляциялай алатын ЖИ құруға тыйым салынбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу