Алматыда жастарға арналған жатақханалар құрылысы басталады

782

 Алматыда жастарға арналған жатақханалар құрылысы басталады

Алматыда жастарға арналған жатақханалар құрылысы басталады, деп хабарлады strategy2050.kz.

Жақын уақытта жергілкті билік органдары "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік компаниясының қолдауымен қалада жастар мен студенттерге арналған жатақханалар құрылысы науқанын бастамақ. 

"Қалада 70 мыңнан астам студент, 30 мың жас отбасы бар. Әлеуметтік проблемаларды, соның ішінде тұрғын үй проблемаларын шешу үшін біз жастарды бағасы жағынан қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету науқанын бастағалы жатырмыз. Мысалы, 4 адамға арналған жатақхана бөлмелері айына 25 мыңнан 50 мың теңгеге дейін тұратын болады", - деді Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Аукенов әлеуметтік тұрғын үй құрылысы жобасымен таныстыру барысында. 

Жобаны әзірлеушілер әлеуметтік уақытша тұрғын үйлер "Жас отау" және "Жастарды қолдаудың 2017-2020 жылдарға арналған жол картасы" бағдарламалары шеңберінде салынатынын түсіндірді. Олар студенттерге, жастарға және 35 жасқа дейінгі отбасыларға арналады. 

Науқанның бастамашылары атап өткендей, бағдарлама шарттары бойынша әріптес ретінде жоо-лар, құрылыс және коммуналдық ұйымдар бола алады. Құрылыстың қалған қаржыландыруын "Алматы" ӘКК өзіне алады.  

"3-5 жыл өткеннен кейін ӘКК қайтарылған қаражатты басқа жатақханалардың құрылысына бағыттайды. "Алматы" ӘКК ҰК" АҚ ақпараты бойынша, компания ағымдағы жылдың қазан айына дейін жалпықалалық жобаның әріптестері болуға ниет білдіретін инвесторларды табуға ниетті", - деп хабарлады әкімдікте.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу