Алматыда қала тұрғындарына көшет тарату акциясы басталды. Көпқабатты үйлер ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға ниетті әрбір алматылық шегіршін, сәнағаш, шаған мен қайыңның көшеттерін тегін ала алады.
Өтінім 15-24 наурыз аралығында қабылданады.
Бір адамға 20 көшетке дейін беріледі.
Акцияға қатысушылар үш жыл бойы егілген талдарды күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қояды.
Қатысу үшін:
Аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз және тал егетін орынның нақты мекенжайы.
Тал егілетін орынның фотосы. Панорамалық форматта болғаны жөн.
Сұралған көшеттің түрі мен саны.
Бұл деректерді Jasyl.aula.almaty@gmail.com электронды поштасына жіберу керек.
Көшеттер 1, 2 және 9, 10 сәуір күндері таратылады. Мекенжайы: Әуезов ауданы, Юрий Ким көшесі, 9 үй ("Eco Almaty" ЖШС).
Егілген соң жоғарыда көрсетілген электронды мекенжайға фото есеп жолдау қажет