Алматыда "Жасыл аула" науқаны басталады

948

Алматыда тұрғындарға тегін көшет таратуды көздейтін "Жасыл қала" науқаны басталады, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.  

Алматыда "Жасыл аула" науқаны басталады

Әкімдіктен хабарлағандай, көпқабатты үйлердің ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға ниетті әрбір алматылық шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайыңның көшеттерін тегін ала алады.

Науқан қатысушылары отырғызылған талдарды алдағы үш жыл бойы күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қоятындығын ескерген жөн. Қатысу үшін zeleniy_dvor_almaty@mail.ru элентронды поштасына келесі мәліметтерді жолдау қажет:

1. Қатысушының аты-жөні мен телефон нөмірі, тал отырғызылатын орынның нақты мекенжайы;

2. Тал отырғызылатын орынның фотосы (мамандарға орынды толықтай бағалауға мүмкіндік болуы үшін панорамалық форматта болғаны жөн);

3. Сұралып отырған көшет түрі мен саны.

Өтініштер 9-18 наурыз аралығында қабылданады. Көшеттерді Бостандық ауданы, Тәжібаев көшесі, 155а ( "STAMP SERVICE" ЖШС базасы) мекенжайынан алып кетуге болады.

"Келіп түскен өтініштер 19-27 наурыз аралығында қарастырылып, ағаш отырғызу жұмыстарын 28 наурыз бен 12 сәуір аралығында жүргізу жоспарланған. Соңынан жоғарыда көрсетілген электронды мекенжайға фото есеп жолдау қажет. Көрсетілген уақыттан кейін жолданған өтініштер қарастырылмайды. Қосымша ақпарат алу үшін Жасыл қорды бақылау бөліміне келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады (272-54-89, 87479958147)", – деп мәлімдеді әкімдікте.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу