Алматыда "Жасыл аула" науқаны басталады

585

Әрбір алматылық шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайыңның көшеттерін тегін ала алады. 

Алматыда "Жасыл аула" науқаны басталады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы тұрғындарға тегін көшет таратуға арналған  "Жасыл аула" науқанының басталғандығын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Көпқабатты үйлер ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға ниетті әрбір алматылық шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайыңның көшеттерін тегін ала алады.

Науқан қатысушылары отырғызылған ағаштарды алдағы үш жыл бойы күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қоятындығын ескерген жөн.

Қатысушының аты-жөні мен телефон нөмірі, ағаш отырғызылатын орынның нақты мекенжайы;

Ағаш отырғызылатын орынның фотосы (мамандарға орынды толықтай бағалауға мүмкіндік болуы үшін панорамалық форматта болғаны жөн);

Сұралып отырған көшеттің түрі мен саны.

Өтінімдер 2022 жылғы 17–25 қазан аралығында қабылданады

Ағаш отырғызу жұмыстарын 2022 жылдың 27 қазаннан бастап жүргізіп, фотоесеп жолдау қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін жасыл қорды басқару және мониторинг бөліміне келесі нөмір бойынша хабарласуға болады: +7777 068 56 38.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу