Алматыда жасыл желектерді өңдеу басталды

434

Биыл бірінші кезеңде емендер төрт рет, теректер екі рет өңделеді. 

Алматыда жасыл желектерді өңдеу басталды Фото: Алматы әкімдігі

Бүгін, 14 сәуірде қалада жасыл желектерді зиянкестерден өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл ағаштарды сақтау және олардың зиянды микроазғаларға төзімділігін арттыру үшін жүргізіледі.

Биыл бірінші кезеңде емендер төрт рет, теректер екі рет өңделеді. 

"Жапырақ кеміргіш және зең ауруларын қоздырғыш зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары 2,3 млн астам ағашты қамтиды. Зиянкестер мен аурулардың биологиялық ерекшеліктеріне қарай өңдеу жұмыстары түнде және таңғы уақытта жүргізіледі. 

Өңдеу үшін қауіптілігі төмен биологиялық препарат қолданылады. Ол қоршаған ортаға, адамға, үй жануарларына, құстарға, жәндіктерге зиян келтірмейді", делінген әкімдік хабарламасында.

Өңдеу 4 кезеңде жүргізіледі: 

14 сәуірден 20 мамырға дейін;

30 мамырдан 30 маусымға дейін; 

10 шілдеден 10 тамызға дейін;

20 тамыздан 20 қыркүйекке дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу