Алматыда жасыл желектерді өңдеудің үшінші кезеңі жүріп жатыр

365

Зиянкестер биологиясының ерекшелігіне сүйене отырып, өңдеу түнгі және таңғы уақытта жүргізіледі. 

Алматыда жасыл желектерді өңдеудің үшінші кезеңі жүріп жатыр Фото: Almaty.tv

Сәуірден маусымға дейін өңдеудің алғашқы екі кезеңі өтті.

Бұған сертификатталған биологиялық және кей кезде қауіптілігі төмен химиялық препараттар қолданылады. Оларға қолдануға рұқсат берілген, адамдарға, құстар мен жануарларға зияны жоқ.

Ауа-райы қолайлы әрі жауын-шашын болмаса, үшінші кезең 10 тамызда аяқталады. Бұл маусымдағы соңғы – төртінші кезең 20 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында өтеді.

Үшінші кезең аясында жасыл желекті сақтап, олардың зиянкестерге төзімділігін арттыру үшін 2,3 млн.астам ағаш биологиялық өңдеуден өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу