Алматы полициясы оны "Antifraud" республикалық іс-шарасы аясында ұстаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Жедел іс-шаралар нәтижесінде, аудиожазбаларды жасырын алу үшін арнайы техникалық құрылғыны сату әрекеті анықталды. Тұрғын ұсталғанға дейін автоқалам түріндегі тыңшылық құрылғыны сатқан. Жетісу аудандық полиция басқармасында ақпаратты жасырын алу үшін арнайы техникалық құралдарды заңсыз өндіру, дайындау, алу, өткізу немесе пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді қалалық Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Анес Қалдыбаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу