Алматыда жасырын дәріхана табылды

1067

Екі азамат опа-далап сататын дүкенде жерасты дәріханасын ашқан.

Алматыда жасырын дәріхана табылды

Алматы полиция департаментінің дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтеріп жіберудің алдын алу, олардың заңсыз сатылуын болдырмау мақсатында құрылған арнайы мобильді тобы жерасты дәріханасын анықтады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

"3 күн ішінде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды заңсыз сату бойынша 11 фактінің жолы кесілді.  Тінту кезінде 24000 дәрі-дәрмек құралдары бар 1200 пакет, сондай-ақ, жалпы сомасы 2,5 миллион теңгені құрайтын COVID-19 анықтайтын 9000 экспресс-тест алынды. Тәркіленген заттардың арасында қытайлық парацетамол да болды.  Қазіргі уақытта бұл препаратты Қазақстанға жеткізу арнасы анықталуда.  Барлық осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде ", – деді Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қанат Таймерденов.

Бүгін криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ЭТД-мен бірлесіп опа-далап сататын дүкенде жерасты дәріханасын ашқан екі азаматты ұстады. Олардың қызметтің осы түріне лицензиясы болмаған. Тергеу барысында аталған мекемеде әртүрлі 11 мыңнан астам дәрі-дәрмек және жалпы сомасы 1 миллион 119 мың 200 теңгені құрайтын 100-ден астам ампула тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу