Алматыда жауын-шашын салдарынан екі ауданды су басты

457

Зардап шеккендер жоқ.

Алматыда жауын-шашын салдарынан екі ауданды су басты Фото: Ашық дереккөзден

Алматыда жауын-шашын салдарынан Алмалы және Наурызбай аудандарының аумағын су басты.

Қала әкімдігінің мәліметінше, аталған екі ауданда су басу дерегі шұғыл түрде жойылды. Қазір жағдай толық бақылауда.

"Алмалы ауданына тиісті учаскеде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстары мен жиектастарда жаңбыр суын арық желісіне жіберетін саңылаулардың уақытша болмауына байланысты қысқамерзімді су басу дерегі анықталды. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң жиектастарда саңылаулар жасалады. Наурызбай ауданының әкімдігі "Алма сити" тұрғын үй кешенінде су басу дерегін жою бойынша жедел жұмыс жүргізді. Сағат 18:50-де "RBS Дорстрой" ЖШС мердігерлік ұйымы мен қызмет көрсететін компанияның күшімен су басу дерегі жойылды. Қазір көше желілеріне қосу арқылы ТК аумағынан су бұру мәселесі пысықталып жатыр", - деп хабарлады әкімдіктен.

Жалпы, "Қазселденқорғау" мекемесінің мәліметі бойынша, тау өзендері бойынша жағдай тұрақты. Су басу дерегі анықталған учаскелерде аудан әкімдіктерінің коммуналдық қызметтері жұмыс жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу