Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтердің дайындығы күшейтілді

142

Бұл туралы қалалық Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.  

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтердің дайындығы күшейтілді Фото: gov.kz

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызмет жоғары дайындық режиміне көшірілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазгидромет" деректеріне сәйкес, 23 сәуір күні сағат 15:00-ден бастап жауын-шашын түседі. Ал 17:00-ден кейін кей тұстарда нөсер жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.

24 сәуірде де жаңбыр, кей жерде нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды. Ал 25 сәуірде күн құбылмалы, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.

Су басу қаупінің алдын алу және оларды жедел жою мақсатында қалалық қызмет тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу