Алматыда жауынннан кейінгі "көлдер" мәселесі шешілмей келеді

564

Шаһар әкімі бүгін Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде осы мәселесе қатысты қандай шаралар атқарылып жатқанына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда жауынннан кейінгі "көлдер" мәселесі шешілмей келеді

"Жауын-шашын жауған кезде су басу мәселесі ауданда өте өзекті мәселе болып қалуда. Аудан бойынша тұрақты су басудың 5 учаскесі анықталды, ТЖ желісі бойынша екі учаске жойылды, 2022 жылдың соңына дейін қалған үш учаске бойынша жұмыстар аяқталады. Ол үшін Момышұлы көшесінде диаметрі 1 метр және ұзындығы 2,1 км жаңа су бұру каналы салынады, сондай-ақ Жұбанов, Қабдолов, Өтеген батыр көшелеріндегі ұзындығы 3,5 км коллектор қалпына келтіріледі", – деді әкім.

Қала басшысының сөзінше, 2023 жылдың соңына дейін ұзындығы 44 км 67 көшеде арық желілері салынып, қайта жаңғыртылатын болады.

Айта кетсек, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі Әуезов ауданында өтті. Әкім ауданның дамуы және тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты. Кездесуге 250-ден астам адам келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу