Алматыда жедел жәрдем дәрігері соққыға жығылды

283

Ер адам әйеліне көмектесуін өтінген.

Алматыда жедел жәрдем дәрігері соққыға жығылды Фото: Inbusiness.kz

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты. Ақпаратты қалалық Денсаулық сақтау басқармасы растады.

Медицина қызметкерлеріне көмекке жүгінген ер адам оларға жұдырығын ала жүгірген.

"Кезекті қоңыраудан оралған жедел жәрдем қызметкерлеріне ер адам хабарласып, әйеліне көмектесуін өтінген. Әйелді қарау кезінде ер адам дәрігер мен фельдшерді жұдырықтың астына алған, осылайша дәрігер мен жедел жәрдем фельдшерінің денсаулығына зиян келтірді", - дейді Алматы денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Қазіргі уақытта Алатау ауданының ІІБ заңсыз әрекетке барған тұлғаға қатысты арызды қарау үстінде.

"Зардап шеккендердің жағдайы қазір қанағаттанарлық, олар амбулаторлық ем қабылдауда", - деп толықтырды Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу