Алматыда жедел жәрдем дәрігерлері соққыға жығылды

309

Оларға жәрдем сұрап жүгінген ер адам шабуыл жасады. 

Алматыда жедел жәрдем дәрігерлері соққыға жығылды Фото: pixabay.com

Алматыда жедел жәрдем дәрігерлеріне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Бұл ақпаратты Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады.

Ресми деректер бойынша, оларға алғашында көмек сұрап жүгінген ер адам шабуыл жасаған.

"Кезекті қоңыраудан қайтып келе жатқан кезде ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне жақындап, әйелге көмек көрсетуді өтінген. Әйелді қарау кезінде ер адам дәрігер мен фельдшерді ұрып, олардың денсаулығына зиян келтірген", - деп хабарлайды Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі таңда, Алатау ауданы ПБ заңсыз әрекетке барған тұлғаға қатысты процессуалдық шешім қабылдап жатыр.

"Бүгінде зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық, олар амбулаторлық ем алып жатыр", - деп қосты Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу