Жедел жәрдем қызметкерлері қоқыс арасынан бала тауып алды

706

Алматыда фельдшерлер үйілген қоқыс арасында жалғыз жүрген баланы тауып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жедел жәрдем қызметкерлері қоқыс арасынан бала тауып алды Фото: iz.ru

"Алматы облысының жедел жәрдем қызметкерлері (дәрігер А.К. Молдашева, фельдшер Б.М. Каленов, жүргізуші А.С.Нарботанов) түнгі 22:00 шамасында қоқыс маңында жалғыз жүрген 2-3 жасар баланы байқаған. Қатты суықта тоңып жылаған бүлдіршінді дәрігерлер дереу жылы киіндіріп, көлікке отырғызды", – делінген жазбада.

Онда кейін бірден полиция шақырғаны айтылған. Сөйтіп, бүлдіршін анасына табысталған. Ол баласын көше кезіп іздеп жүргені белгілі болды. Баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу