Соған қарамастан жедел жәрдем қызметі тәртіпсіздіктерге байланысты шақырулардан басқа, барлық шұғыл өтініштерге уақытылы қызмет көрсетті, деп жазды Inbusiness.kz мегаполис тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штабқа сілтеме жасап.
"ЖМЖС қызметкерлеріне 12 шабуыл жасалды, ЖМЖС 5 қызметкері, оның ішінде 2 жүргізуші және 3 фельдшер жарақат алды. Тәртіпсіздік кезінде 32 жедел жәрдем автокөлігі әбден бүлінді. Олардың фаралары сынған, шанағы, әйнегі зақымданған және тағы басқа. 4 автокөлік мүлде жарамсыз күйде. Сонымен қатар мәйітті тасымалдау және митингке жеткізу мақсатында 3 көлік тәркіленіп, кейін көліктер қайтарылды", – деп хабарлады штаб.
Құралай Құдайберген