Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды

202

Қоқан лоққы көрсетіп, сыртқа шығармаған.

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды Фото: ашық дереккөз

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды. Олар науқастың шақыртуы бойынша үйіне барған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ол жерде екі күн бұрын қолы жарақаттанған ер адамды тексерген. Мамандар оған ауруханада жатудың қажеті жоқтығын айтып, тіркелген мекен жайы бойынша емханаға қаралуына жолдама жазып берген. Дәрігерлердің жауабына үйдегі басқа адамдар қарсылық көрсетіп, балағаттап, жұдырық ала жүгірген. Қоқан лоққы көрсетіп, сыртқа шығармаған. Оқиға ізімен полицейлер бірнеше факт бойынша шара қолданды. Жәбір көрген жедел жәрдем қызметкерлдеріне сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс сотқа жіберіледі, деп жазады Qazaqstan.tv.

"Агрессивті күш көрсетуден кейін, науқас жанындағы адамдар пәтерді іштен құлыптап, медициналық қызметкерлерді іштен шығармаған. Физикалық күш көрсеткеннен оқиға орнында біздің медициналық қызметкер қыздар, фельдшерлер жарақат алып қалды. Дене жарақаттары алынды. Қазіргі таңда ол кісілердің жағдайы қанағаттанарлық", - дейді Алматы қаласы медициналық жедел жәрдем қызметі директорының орынбасары Шайхидин Бадиров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу