Қала прокуратурасының жүргізген тексеруі барысында тәртіп бұзушылық фактілері анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ЖСО өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, өндіріп алушыларға тиесілі 370 миллион теңгеден астам қаржыны иемденіп алғаны, сондай-ақ Range Rover автокөлігін заңсыз иемденіп, 19 миллион теңгеден астам шығын келтіргені анықталды.
Алмалы аудандық сотының үкімімен ЖСО қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан және сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу