Өтініштерді қабылдау және борышкердің кіріс критерийлеріне сәйкестігі тұрғысынан мүдделі мемлекеттік және өзге де органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізіледі.
Ең бастысы - азаматтар бұл несиелік есептен шығару емес екенін түсінуі керек, өйткені өзін банкрот деп тану келесі салдарға әкеледі:
- бес жыл ішінде несие ала алмайды (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа);
- қайта банкроттық жеті жылдан кейін ғана мүмкін болады;
- қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін үш жыл бойы тексеріледі.
"Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезінде мұндай салдар болмайды. Банкроттыққа ұшырағаннан кейін азамат өзінің несиелік рейтингі төмендейтінін түсініп, барлық оң және теріс жақтарын өлшеу керек, яғни банкроттық туралы ойланып нақты шешім қабылдау қажет", – деп хабарлады Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.