Бүгін, 10 желтоқсан күні таңертең Алматыдағы жеке мектептердің бірінің маңынан көлік ішінен адам өлі табылды. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.
"Көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйітін табу дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болған", – дейді полиция өкілдері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу