Алматыда желілерді салу кезінде ереже бұзған мердігерлер лицензиясынан айырылды

172

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Алматында өткен брифинг барысында айтты.  

Алматыда желілерді салу кезінде ереже бұзған мердігерлер лицензиясынан айырылды Фото: Алматы әкімдігі

2025 жылғы құрылыс маусымының қорытындысы бойынша Алматыдағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру кезінде заңбұзушылықтарға жол берген бірқатар мердігердің лицензиясы алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, лицензия жұмыс кезінде талаптардың жүйелі түрде бұзылуына жол берген компаниялардан алынды.

Олар: "AsiaMax" ЖШС, "СК 7 Строй" ЖШС, "Энерджи-Тараз" ЖШС, "Алатау сапа құрылыс" ЖШС.

"Жүйелі тексерістер мен жоспардан тыс бақылаулар нәтижесінде сапа мен нормативтік талаптардың сақталуын қамтамасыз етпейтін компаниялардың қала жобаларында жұмыс істеуге құқығы жоқ деген қатаң шешім қабылданды", – деді спикер.

Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, жауапсыз мердігерлерге қатысты 30 талап-арыз дайындалып, сот орындарына жолданған.

Сонымен қатар, жобалау ұйымдары мен авторлық қадағалау органдарына қатысты да талап-арыз жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде инженерлік желілер мен абаттандыру элементтерінде жобалық шешімдердің дұрыс орналаспау фактілері бар.

"Ендігі кезекте барлық келісім тек қаланың басқармаларының қатысуымен жүргізіледі. Бұл бақылауды күшейтіп, барлық қатысушылардың жауапкершілігін арттырады", – деді Алмасхан Сматлаев. 

Сондай-ақ, спикер мердігер және жобалық ұйымдарға нормативтік талаптарды, жұмыс жүргізу ережелерін және келісу рәсімдерін мүлтіксіз сақтаудың маңызын ескертті. Тиісті рұқсатсыз немесе белгіленген нормаларды бұза отырып жүргізілген жұмыстар қатаң әкімшілік шаралар арқылы тоқтатылады.

"Бұл айыппұлдар, қызметті тоқтату, келтірілген шығынды өтеу, келісім-шарттарды бұзу және лицензиядан айыруға дейін жетуі мүмкін", – деді әкімнің орынбасары.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу