Рысқұлов пен Күдерин көшелерінің қиылысында болған жол апатынан жеті адам зардап шекті, деп inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Екі көлік те Рысқұлов даңғылының бойымен батыс бағытта жүріп келе жатқан. Volkswagen көлігінің жүргізушісі маневр жасау барысында Toyota көлігімен соқтығысқан. Ол көпірдің тірегіне соғылып, жолдан шығып кетіп, аударылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, екі жүргізуші де маневр жасау ережесін бұзған
Соқтығыс салдарынан Toyota Camry көпірден ұшып кетті. Бір ғажабы, көпір астында шығыс бағытта келе жатқан көліктердің үстіне құлап кетпеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу