Қорғаушыларының айтуынша, 2023 жылдың тамызында екі жер теліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалған. Күдікті Хутиев бұл іске 2024 жылдың сәуірінде тартылып, кейін қамауға алынған.
Олардың мәлімдеуінше, Хутиев Астана қаласында болған уақытта бірнеше рет полиция бөлімшелеріне барған, оған дейін ешқандай тергеу әрекеттері жүргізілмеген.
Кейін оған сырттай іздеу жарияланып, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу санкциясы берілген.
Қорғаушы тарап іске тіркелген кейбір материалдарға байланысты сұрақтар барын айтып, тергеу амалдарының толық әрі бейтарап жүргізілуіне үміт білдірді.
"Біз тек әділдік талап етеміз. Іс қайта қаралуы керек. Бұл – қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс оқиға", – дейді қорғаушы Бейбітжан Сайлауұлы.