Көп ұзамай Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СБЗҰГО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін Астана уақытымен 20 сағат 35 минутта жер сілкінісін тіркегенін растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 шақырым жерде болған.
Есептік қарқындылығы (балмен): Алматы қаласы 2 балл, Қарасай қаласы (Қаскелең) 2 балл, Қарғалы ауылында 2 балл тіркелген.
Ал Android Earthquake Alerts System деректері бойынша, шамамен 4,3 магнитудалы жер сілкінісі 20:35-те болып, Қазақстан мен Қырғызстан аумақтарын қамтыған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу