Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі 2 балл шамасында сезілді.
ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институтының Қазақстандық деректер орталығының дерегіне сәйкес, жерасты дүмпулері 2025 жылғы 22 желтоқсанда сағат 02:16-да Астана уақытымен (Гринвич бойынша 21 желтоқсан сағат 21:16) Қытай аумағында тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрінің координаттары: солтүстік ендіктің 41,23 градусы, шығыс бойлықтың 78,87 градусы.
Жер сілкінісінің магнитудасы – 5,0, энергетикалық класы – K=11,5.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу