ҚР БҒМ "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 15 ақпан күні 23 сағат 38 минут 12 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ.
Зілзала ошағы Алматы қаласының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 7.2. MPV магнитудасы - 3.8. Тереңдігі - 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер: Алматы қаласында - 2 балл болды.
ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қирау, ғимараттардың қабырғасында қақырау анықталған жоқ. Ешкім жарақат алып, зардап шекпеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу