Еңбек инспекциясы Алматыда 23 қаңтарға қараған түні болған жер сілкінісі салдарынан өндірістік жарақаттар тіркелмегенін және барлық кәсіпорындар мен ұйымдар штатты режимде қызмет етіп жатқанын мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
"Басқарма жедел жәрдем станциялары мен Төтенше жағдай Департаментімен тығыз байланыста және де еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардан зардап шеккендер жоқ екенін хабарлайды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, басқарма қызметкерлері өндірістік объектілер бойынша жедел мониторинг жүргізіп жатыр.
Сондай-ақ, басқармада (Достық көшесі, 85 үй, 319 кабинет) кезекші мемлекеттік еңбек инспекторлар еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар бойынша хабарламаларды қабылдап, тіркейді.