Алматыда жер сілкінісі салдарынан тауларда қар көшкіні болды

373

Алдын-ала мәліметтер бойынша, Кіші Алматы және Үлкен Алматы өзендері бассейндерінің жоғарғы ағысында шағын қар көшкіндері байқалады. Биік таулы аймақтардағы қардың қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді.  

Алматыда жер сілкінісі салдарынан тауларда қар көшкіні болды Фото: gov.kz

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Талғар өзені алабында қар көшкіні көлемі 300 текше метрге дейін жетті. Барлық қар көшкіні тау беткейінде тоқтады. Айтарлықтай көлемдегі қар көшкіні тіркелген жоқ. Объектілерге қар көшкіні қаупінің төнуі анықталған жоқ. Мұздақ көлдер қысқы режимде, қар мен мұзбен жабылған. Көлдердегі мұздықтардың немесе мұздардың зақымдануы анықталған жоқ. Су шығынының шегі қалыпты деңгейде, өзгеріс жоқ", - делінген хабарламада.

Биік таулы аймақтардағы қардың қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Көл бөгеттерінде немесе құрылыстардың төменгі ағыстарында көзге көрінетін фильтрация белгілері табылған жоқ. Опырылым немесе көшкіннің ізі анықталған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу