Алматыда жер сілкінісі тіркелді

945

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығыс бағытықа қарай 244 шақырым жерде. 

Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады. 

"Сейсмикалық станциялар желісі бойынша  2020 жылғы  06 маусым сағат 6: 10-да Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы  Алматы қаласынан  солтүстік-шығыс бағытына қарай 244 шақырым жерде Қазақстан Республикасының аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.2.
Магнитудасы MPV 6.2. Эпицентрдің координаттары 44,94 ° солтүстік ендік 78.78 ° шығыс бойлық. 
Тереңдігі 25 км. Жер сілкінісі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша):  Алматы қаласында  2  балл көлемінде сезілді.

Полиция Департаментінің ЖБО мәліметтеріне сәйкес, патрульдік кезектегі патрульдік  учаскелерде ешқандай зақым болған немесе қираған жағдай байқалған жоқ, жағдай тұрақты", - деді ТЖД баспасөз қызметі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу