Алматыда жер сілкінісіне байланысты хоккей турнирі өтпейтін болды

326

Алматыда Eurasia Jastar Cup турнирі өтпейтін болды.

Алматыда жер сілкінісіне байланысты хоккей турнирі өтпейтін болды Фото: Inbusiness.kz

Қазақстан хоккей федерациясы Алматыда өтеді деп жоспарланған халықаралық турнирді өткізбейтіндерін ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Сеймологиялық жағдайға, сонымен қатар қатысушы-командалар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның хоккей федерациясы басшылығы тарапынан 2024 жылдың 1 және 4 ақпаны аралығында Алматыда өтеді деп жоспарланған Eurasia Jastar Cup турнирін өткізбеу туралы шешім қабылданды. Турнирдің кейінірек мерзімге ауыстырылуы жөнінде қосымша хабарланады. Барлық жанкүйерлерге қолдау үшін алғыс білдіреміз, сатып алынған барлық билеттер қайтарылады", - делінген Қазақстан хоккей федерациясының мәлімдемесінде.

Еске салсақ, 23 қаңтарда түнде Алматыда жер сілкінісі болып, халық жапатармағай көшеге ұмтылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу