Алматыда жер сілкінісінен ҚазҰУ жатақханасының қабырғасы жарылған

541

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

Алматыда жер сілкінісінен ҚазҰУ жатақханасының қабырғасы жарылған Фото: Яндекс

МинистрСаясат Нұрбек Алматыдағы жер сілкінісінің салдарынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жатақханаларында жарықшақ пайда болғанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алматыда қазір 35 университетте 198 мың студент оқып жатыр. Біз бірден әрекет еттік. Алғашқы тербелістер туралы ақпарат болған кезде бүкіл студенттер қауіпсіз жерге көшірілді. Ректорларға, проректорларға, студенттік ұйымдардың басшыларына алғыс айтқым келеді. Ешқандай құрбан немесе зардап шеккендер жоқ", - деді министр.

Саясат Нұрбек әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің №6 және 8 жатақханаларының қирағаны туралы фейк ақпарат тарағанымен, ғимаратта жарықшақтар пайда болғанын растады. 

"Біз оқиға орнына өз өкілдерімізді жіберіп, ақпараттың өтірік екеніне көз жеткіздік. Кішігірім жарықшақтар болды. Оның өзі негізгі қабырғаларда емес. Тиісті жөндеу жұмыстарын жүргіземіз", - деді Саясат Нұрбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу