Алматыда жер сілкінісінің күші 4 балға жуықтады

176

Жер дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 09:38-де тіркелді.

Алматыда жер сілкінісінің күші 4 балға жуықтады Фото: magnific.com

Алматыда жер сілкінісі сезілді. ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС мәліметінше, жер дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 09:38-де тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қашықтық: 8.0 км.

Бағыт: Оңтүстік-батыс

Есептік қарқындылығы:

Алматы қаласы 6 км 3-4 б;

Қарасай (Қаскелең) 18.0 км 2-3 б;

Боралдай ауылы 19.0 км 2-3 б;

Өтеген Батыр ауылы 28.0 км 2 б.

Сондай-ақ қала тұрғындарының ұялы телефондарына ескерту жіберілді.

– Назар аударыңыз! Қарқындылықпен жер сілкінісі болды. Келесі нұсқауларға дейін ашық кеңістікте болыңыз! Ғимараттың зақымдануы немесе өртене бастауы анықталған жағдайда төтенше жағдайлар депараментінің жедел желісіне телефон арқылы хабарлауыңызды сұраймыз (279-22-32). Егер Сіз ғимаратта қалып қойған болсаңыз, сабырлық сақтаңыз, сенім телефон арқылы орналасқан жеріңіз туралы хабарлаңыз! Қосымша ақпараттар ТЖД мен Алматы қаласы әкімдігінің сайттары мен әлеуметтік желілерінде, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу