Алматыда жер үй мен жол бөліктерін су басып жатыр

831

Қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақты. 

Алматыда жер үй мен жол бөліктерін су басып жатыр Фото: ҚР ТЖМ

Нөсер жаңбырдан кейін жер үйлер мен төрт көшенің жол бөліктерін су басып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Төтенше жағдайдлар министрлігіне сілтеме жасап.

“Алматыда ауа-райының күрт нашарлауына және екпінді желдің 18-24 м/с дейінгі жылдамдығына байланысты нөсер жаңбырмен бірге қаланың барлық ТЖ қызметтері мен коммуналдық кәсіпорындары күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды”, делінген ТЖМ хабарламасында.

Жеке үйлердің аулалары мен төрт көшенің жекелеген учаскелерінде 38 жергілікті су тасқыны болды. 

Азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар су басу салдарын уақтылы жойып жатыр.

Қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақты. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істейді. Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу