Алматыда жергілікті брендтерге арналған ауқымды фестиваль өтеді

488

Almaty Pop Up Store көрмесіне еліміздің әр қаласынан дизайнерлер мен кәсіпкерлер қатысады.  

Алматыда жергілікті брендтерге арналған ауқымды фестиваль өтеді Фото: Almaty_akimdigi telegram

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында 5-6 қыркүйек күндері Almaty Pop Up Store жергілікті брендтер фестивалі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көрмеге Қазақстанның әр қаласынан 50-ден астам дизайнер мен кәсіпкер қатысып, өз өнімдерін таныстырады. Келушілерге киім мен аксессуарлар, әшекей бұйымдар, интерьер заттары, косметика, үйге арналған тауарлар және авторлық жобалар ұсынылады.

Сонымен қатар фестиваль бағдарламасында гастрономиялық аймақ, серіктестердің арнайы жобалары мен музыкалық қойылымдар қарастырылған.

Іс-шара сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кіру тегін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу