Алматы полициясы таңертең жеті нысанның: үш банк, екі сауда орталығы, әуежай және білім беру мекемесінде бомба жасырынғаны туралы ақпарат тарағанын растады.
"Алматы полиция департаменті қазіргі уақытта қаланың төтенше және жедел қызметтері бірқатар нысандарды тексеріп жатқанын хабарлады. Таңертең жеті нысанда жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті, үшеуінде ақпарат расталмады. Саперлер тиісті техниканы пайдалана отырып тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Азаматтардан қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Құралай Құдайберген