Алматыда 1908 жылы салынған қонақ үй сүрілетін болды

147

Ескі ғимарат Гоголь көшесі мен Достық даңғылының қиылысында орналасқан.    

Алматыда 1908 жылы салынған қонақ үй сүрілетін болды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі 1908 жылы салынған екі қабатты бұрынғы "Жетісу" қонақүйі ғимаратының бұзылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық мемлекеттік активтер басқармасының мәліметінше, аталған нысан тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енбеген және тарихи-мәдени мұра объектісі мәртебесіне ие болмаған.

Әр жылдары бұл ғимаратта қалалық қызметтер мен полиция пункті орналасқан. 2022 жылдан бастап нысан техникалық жағдайының қанағаттанарлықсыз болуына байланысты іс жүзінде пайдаланылмаған.

2025 жылы жүргізілген техникалық тексеру қорытындысына сәйкес, ғимарат апатты деп танылып, оны қалпына келтіру мүмкін еместігі анықталған. Осыған байланысты нысанды бұзу туралы шешім қабылданып отыр.

Қазіргі уақытта жер учаскесі мемлекеттік жер қорына берілген.

Айта кетейік, "Жетісу" қонақүйінде 1920 жылдардың соңында Лев Троцкий отбасымен тұрған. Сондай-ақ мұнда композиторлар Евгений Брусиловский мен Сергей Прокофьев және өзге де белгілі тұлғалар аялдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу