Тағылған айып бойынша жүргізуші 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 5 жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан шектелуі мүмкін.
Айта кетсек, Алматыда Боралдай көшесімен келе жатқан ауыр жүк көлігі жаяу жүргіншілер жолағымен келе жатқан 2017 жылғы баланы басып кеткен еді. Жеткіншек оқиға орнында көз жұмды.
Ал өткен аптада Таразда Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мектеп оқушысын қағып, мерт қылды. Оқиға таңертең 11 жастағы бала "Тараз Арена" спорт кешенінің маңында жүзу жаттығуына бара жатқанда болған.
Полицияның мәліметінше, аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші 24 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.